Вы не авторизованы

Новости Моб. приложение

«Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы ашылды


08.11.2019 16:56 Просмотров 134

Облыс орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының он төртінші маусымы салтанатты түрде ашылды. Енді жасыл елдің сарбаздары алдағы үш айы бойы туған жерді көркейтіп, гүлдену жолында еселі еңбек етпек.

2005 жылы Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған  «Жасыл ел» бағдарламасы бүгінге дейін сан мыңдаған жасты еңбекке баулып,  қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізді. Мәселен өткен жылы аймақта 1035 жас жасыл елдің қатарында жұмыс істесе, биыл да 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылмақ.    

СНХ: Серік Әбіл- «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі

Тілші: Дамир Шайымбетов еңбек жасағының белді мүшесі. Ол екі жылдан бері «Жасыл елде» жұмыс істеп, туған жердің көркеюіне өзінің үлесін қосып келеді. Белсенді жас биылда жазғы демалысын еңбек жасағымен бірге өткізуді жоспарлап отыр.

СНХ: Дамир Шайымбетов - «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының командирі 

Тілші: Салтанатты шарада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев «Жасыл ел» сарбаздарына сәттілік тілеп, жолдама табыс етті.

Инт. \жолдама\

Тілші: Айта кетейік, еңбек жасағының жастары биыл Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай игі шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Шаһардың шырайын келтіріп, жасыл желекке айналдыруға аудандардан келген делегация өкілдері де атсалыспақ. 

Ә.Жолтаев

http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/zhasyl-el-enbek-zhasagynyn-zhazgy-mausymy-ashyldy